Resource id #45 Фабрика Новостей. Казахстан. - Главная
Имя польз.    Пароль     
На главную
-ads-
СЕГОДНЯ
Поиск

Поиск (Google)
Разделы
   »  Лента
   »  Общество
   »  Финансы
   »  Официально
   »  ЧП
   »  Спорт
   »  Бантик
Спецпроекты
   »  Дата
   »  Подкаст
Архив
   »  Культура
   »  Природа
   »  Подробно
   »  Статистика








Участник: ТК "Эра"    Готов: Октябрь 18, 2005 09:02    Получен: Октябрь 20, 2005 08:35

Просмотр новостного выпуска


Шапка
--NO AUTOR--


Нет текста



Ақсәуле-Сәлемдесу
Аксауле Альжан


Қазанның 18-і күні елімізде орын алған жаңалықтар барысын назарларыңызға ұсынамыз.



Подводка-НАН
Оналтай Куандык


Қазақ жері// бейбітшіліктің мекеніне айналды. Бұл ретте //айрандай ұйып отырған //көп ұлтты және көп дінді еліміздің арасына// іріткі салғысы келетін арам пиғылды "сырт көздер" көп. "Күліп кіріп, күңіреніп шыққаннан сақтан" демекші, олар, әлбетте, дінді бетперде етіп келіп, өздерінің жымысқы саясаттарын //жүзеге асыруға тырысады. Сондықтан, осы "пысықайларды" қоғамнан аластауға ат салысқан жөн. Кеше ғана// рухани келісім жөніндегі ғылыми-тәжірибелік жиынға қатысқан бір топ дін қайраткерлерін қабылдаған елбасы //осылайша ой өрбітті.



НАН
Оналтай Куандык


((ЗА КАДРОМ))
Соңғы 14 жылдың ішінде қазақ топырағындағы діни бірлестіктердің саны төрт есеге артып, бүгінде бес мыңға жақындаған. Тарқатып айтар болсақ правоСлавиялық шіркеулер саны төрт есеге, ал, котолик шіркеуінің саны екі есеге өскен. Қазір Қазақстанда үш мыңға жуық мешіт бар. Бір топ дін қайраткерлерін Ақ Орда төрінде қарсы алған елбасы, Қазақстанда қабылданған "Біріккен діни қатынастар" туралы заң, әлі күнге дейін ТМД елдері арасында, сүбелі құжат болып табылатынын тілге тиек етті.

((СИНХРОН ХР 00:00:29
ТИТР: Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ Қазақстан Республикасының Президенті
KOMMEHTAРИЙ: СНХ-1: каз
Ярким признанием успешности Казахстанской модели межкомфессионального взаймодействья является проведения первого сьезда мировых традиционных религий именно в нашей стране. На планете другого место просто не нашлось. Мы доказали что 45 религиозных конфессий могут жить, могут сотрудничить без конфликтно уважая выбор друг друга. ))

((ЗА КАДРОМ))
Тарих тереңіне үңілетін болсақ, бірінші бүкіләлемдік рухани келісім конгресі, осыдан 13 жыл бұрын, қазақ жерінде өткен болатын. Содан бері төрткүл дүниедегі рухани үндестікті жүректері қалайтын азаматтардың бүйірі, Қазақстанға қарай тартатын болды. Оның дәлелі ретінде, кешегі әр түрлі дін өкілдері мен мәдениет қайраткерлерінің басын қосқан, ғылыми жиынды айтуға болады.

((СИНХРОН ХР 00:00:25
ТИТР: Әбсәттәр қажы ДЕРБСӘЛІ Қазақстан мұсылмандары Рухани басқармасының төрағасы
KOMMEHTAРИЙ: СНХ-2: каз
Бірқатар...
...ойлар айтты))

((СИНХРОН ХР 00:00:22
ТИТР: Томаш ПЭТА Астанадағы Римдік-котоликтік архиепархиінің архиепископы
KOMMEHTAРИЙ: СНХ-3: каз
Во первых благодарение богу за то что пройсходить у нас в плане стройтельства мира и согласия. Во вторых то что я сказал в начале что дни духовного согласия напоминают нам самых важных ценностиях в жизни человека. (перевод)
Біріншіден, біз Алланы бейбітшілік пен келісімнің бар екеніне мадақтауымыз керек. Екіншіден, рухани келісім күндері біздің есімізге адам өміріндегі ең жоғары құндылықтарды салғандай.
))

((ЗА КАДРОМ))
Дінаралық қайшылықтардың жолын қазір де, болашақта да шорт кесуге болады. Ол үшін дінді саяси мүддеге пайдалануға тырысып жүрген кейбір "пысықайларды" айыра біліп, қоғамнан аластату қажет. Мінеки, сонда дін қайраткерлерінің бейбітшілік үшін жанұшырып жүрген еңбектері түбегейлі ақталады деп,- түйіндеді өз сөзін елбасы.

Оңалтай ҚУАНДЫҚ, Еламан БЕРІКБОЛОВ "Эра" телеарнасы






УСТНО+ПЛАШКА-Татар
Оналтай Куандык


Рухани келісім күні қарсаңында// тағы бір жағымды жаңалық. Елбасы //Қазақстан РесПубликасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік, және прогресс сыйлығын беру туралы жарлыққа қол қойды. Мәтінде //Бейбітшілік пен достықты, халықтар арасындағы өзара сенімді нығайтуға сіңірген айрықша еңбегі, және //Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты дамытуға бағытталған// белсенді қызметі үшін, Татарстан РесПубликасының Президенті, Минтимер Шәріпұлы Шаймиевке, Қазақстанның Тұңғыш Президентінің, 2005 жылғы Мемлекеттік бейбітшілік және, прогресс сыйлығы берілсін деп жазылған.




ОТБИВКА
--NO AUTOR--


ОТБИВКА



Подводка-Сайлау
Гульнур Имандосова


Бүгін //Орталық Сайлау комиссиясында, автоматтандырылған "Сайлау" ақпарттық жүйесімен таныстыруға арналған// брифинг болып өтті. Бұл жолы //Бұқаралық Ақпарат құралдарының өкілдері //электронды сайлау жүйесінің қолданылу технологиясымен танысты. Журналистер қауымын// жаңа технологиялық жүйемен //Орталық Сайлау комиссияның инженерлік техникалық орталығының мамандары таныстырып, электрондық дауыс беру туралы әңгімеледі.



Сайлау
Гульнур Имандосова


((ЗА КАДРОМ)) Ұсынылып отырған технолигия ақпарттық жүйелерді дамтыту негізінде жетілдірілген.Мұндай технология телефон жүйесіне қосылатын модем жүйесі бар участоктағы компьютер базасында арнайы көп терминалды жүйені қолдану арқылы сайлаушының дауыс беру рәсімін жүзеге асырады.

((СИНХРОН ХР 00:00:12
ТИТР: Самат УӘЛИЕВ - ОСК-нің Инженерлік техникалық орталық бастығының орынбасары
ТС:04.38.37-..мысалы,32 участке болса...
ТС:04.38.49-..көруге болады))

((ЗА КАДРОМ)) Мамандардың айтуынша,электронды дауыс беру "Сайлау" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің көп терминалды кешені телекоммуникациялық жүйеге айтарлықтай салмақ түсірмейді.Өйткені,ол күні бойы тек қана мәліметтерді ғана жинап,сандық және жинақталған ықшамды түрінде Орталық Сайлау комиссиясына тапсырылатын болады.

((СИНХРОН ХР 00:00:25
ТИТР: Самат УӘЛИЕВ ОСК-нің Инженерлік техникалық орталық бастығының орынбасары
ТС:04.38.05-..дауыс беру біткеннен кейін..
ТС:04.38.30-..нәтижесі шығады))

((ЗА КАДРОМ))Бұл жүйе еліміздің 1475 сайлау участкесінде қолданылады.Әзірге тек жер-жерде осылайша түсіндіру жұмыстары ғана жүргізіліп жатыр.

Гүлнұр ИМАНДОСОВА Виктор Джигирис "Эра" телеарнасы



Подводка-образование
Айнур Кузербаева


Қазақстанда// несиеге тек тұрғын үй мен автокөлік қана емес, енді білім сатып алуға болады. Ол үшін// екінші деңгейлі банкке келіп //тиісті құжаттарды толтырса //жетіп жатыр. Несие 15 жылға беріледі. Кепілдікке //жылжымайтын мүлік қоюға немесе жеке тұлға кепіл ретінде шығуына болады.




Образование
Айнур Кузербаева


((ЗА КАДРОМ)) Бұл бағытта алғашқы қадам бүгін жасалды. Білім беру министрлігінің қаржылық орталығы, Валют Транзит Банкпен студенттерге несие беру туралы келісім-шартқа отырды. Келесі кезекте Тұран Әлем банкпен Халық банкіде жОғарғы оқу орнында білім алуға несие беру жүйесін қарастырады. Ертеңгі күннен бастап, ақылы бөлімде тәлім алуға мәжбүр бірақ оған төлейтін қаражаты жоқ жастардың несие алуына мүмкіндік туады.

((СИНХРОН ХР 00:00:24
ТИТР: Бірғаным ӘЙТІМОВА ҚР Білім және ғылым министрі
Студенттер өз алған кредиттерін жарты жылдан кейін оқуды бітірген соң жұмысты бастағаннан кейін 15 жылдың ішінде қайтаруға міндетті. Банкке кепілодік жасап отырған акционерлік қоғам қаржы центрі ))

((ЗА КАДРОМ)) Осылайша, білім алуға ниеттенген жастардың несие алуына жеңілдік жасалды. Сонымен қатар студенттің білім ордасын бітірген соң, несиені бірден төлеп тастауға мүмкіндігі болса, қосымша қаржы талап етпеу жағын банк пен білім және ғылым министрілігі қарастырып жатыр.

((СИНХРОН ХР 00:00:20
ТИТР: Саят ШАЯХМЕТОВ "Қаржылық орталық" АҚ президенті
Егер бұрын банкте проценттік ставкалар жоғары болса, бүгінде осы жүйе арқылы студентер төмен процентті пайдалану арқылы жоғарғы білім ала алады. ))

((ЗА КАДРОМ)) Әзірше несие тек отандық білім ордаларында тәлім алуға бөлініп отыр.

Айнұр Күзернбаева, Виктор ДЖигирис Эра телеарнасы



ОТБИВКА
--NO AUTOR--


ОТБИВКА



Подводка-Қуаң жерлер
Айнур Кузербаева


"Табиғатты бағындырамыз" деп, кезінде талай солақай шешімдердің жетегінде кеткен/// адамзат баласына жер ана //қатулы. Бүгінгі таңда қазақ елінде тозығы жетіп, іске аспай қалған //жер алқаптары өте көп. Қаратопырақ құрамы 30 пайызға төмендеп кеткен, деп //экологтар дабыл қағуда. Тозған жерлерді қайта түлету үшін //Жаһандық экологиялық қор мен Қазақстан үкіметі бірігіп "Қуаң жерлерді игеру" жобасын дайындады.



Қуаң жерлер
Айнур Кузербаева


((ЗА КАДРОМ)) Талай жылдар бойы соқаның тісі тимеген, шаруаларға еш пайдасы жоқ шөлейт жерлер жаңа жобаның арқасында өнім беретін болады. Қоршаған ортаны қорғау министірлігінің ақпаратына сүйенсек, Қазақ жерінің 60 пайызы құнарлылығынан айрылып, шөлейт жерге айналған. Осындай үлкен қауіптің алдында тұрған жер ананы ажал тырнағынан алып қалу үшін жахандық экологиялық қор елімізге 900 миллион АҚШ долларын бөлді. Бұл қаражаттың бүгінде 1,5 миллион сомасы игерілген. Қалған ақша алдағы 5 жылдың ішінде көздеген жеріне жұмсалмақшы. Пилоттық жобаның алғашқы тұсаукесері Қарағандының Шет ауданында жүргізілді. БҰл аймақты таңдаудың өзіндік себептері бар.

((СИНХРОН ХР 00:00:18
ТИТР: Бақтияр САДЫҚ Жобаны басқару тобының жетекшісі
KOMMEHTAРИЙ: СНХ: №2
Қарағанды облысының жері ең қуаң жер. 250 мм астам жаңбыр жаумайды. Топырағы құмдақ шөлейтке жақын Астана-АЛматы авото жолы жиналған тәжіребені кең таратуға мүмкіндік береді. ))

((ЗА КАДРОМ)) Жобаның нәтижесінде бір жылдары шегірткенің мекеніне айналған кең алқап зиянкестерден құтылады, дейді ырзығын жерден айрырып отырған тәжірибелі диқандар. Қуаң жерді жеңу үшін жобадағы жоспар бойынша алқапқа көпжылдық шөп егіледі. Жобаның алғашқы грантына ие болған шаруашылық иелері өз еңбектерінің өміршеңдігін бүгінде түсініп отыр. Қазіргі кездің өзінде 1000 га жер учаскесіне, тұқым себілген.

((СИНХРОН ХР 00:00:25
ТИТР: Олжатай ҚАЗАНҒАПОВ "Мерей" шаруа қожалығы серіктестігінің төрағасы
KOMMEHTAРИЙ: СНХ № 6+№ 5
Себілген шөбіміз келесі жылы шабуға болады. Шаруа қожалықтары әл-ауқатын шөп арқылы жақсартады деп ойлаймын
+
Жоба 8-ші жылға дейін 4 мың га жер бар. Соның 2300 га шөп егеміз. деп мақсат қойдық))

((ЗА КАДРОМ)) Жұмыс мұнымен тоқтап қалмайды. Келесі кезекте Қызылорда облысы таңдалып отыр. Шөп егу арқылы құмға айналып бара жатқан жерлерге белдеу қою жаһандық маңызы бар шаруа дейді жобаның жетекшілері.

Айнұр Күзербаева, Виктор ДЖигирис Эра телеарнасы



Подводка-Саракимат-051
Гульнур Имандосова


АсТанадағы //бірден-бір// 051 қызметінің// Сарыарқа ауданының жеке пәтер иелері кооператив басшыларына //өкпесі қара қазандай.Осы қызмет басшысының айтуынша,кооператив төрағалары// еш уақытта орындарында болмайды немесе өздеріне тиісті жұмыстарды аяғына дейін орындамайды.Бұл туралы бүгін Сарыарқа әкімдігінде өткен //кезекті жиылыс барысында айтылды.



Саракимат
Гульнур Имандосова


((ЗА КАДРОМ))
051 қызметіне қала тұрғындарынан күніне 900-ге жуық телефон қоңырауы шалынады.Олардың көбі қысы-жазы жеке пәтерлерде туындайтын проблемаларға қатысты.Құбыр,жылу,жарық пен телефон байланыстарына қатысты мәселелер Астана тұрғындарының қашаннан бері келе жатқан таусылмас әңгімелері.
ИНТЕРШУМ1:
((ЗА КАДРОМ)) Бір қызығы бұл қызметтің жұмысына қатысы жоқ қоңыраулар да шалынады екен.Отбасындағы ұрыс-керіс,көршілердің айқай-шуы немесе осыған ұқсас басқа да жағдайлар.


((СИНХРОН ХР 00:00:00
ТИТР: Мейіржан СӘРСЕНБАЙ Астана қалалық "051" қызметінің бастығы
ТС:00.15.38-..кейбір адамдар звондайды...
ТС:00.15.58-..осындай жағдайлар))


((ЗА КАДРОМ)) 051 қызметі бүгін Сарыарқа ауданының жеке пәтер иелері коопертив төрағаларын айыптады.Орындарында болмайды немесе кезекші жұмысшылары жеткіліксіз дегендей.
Астанада қиын-қыстау кезінде көмектесетін, пәтер иелері коопертивтерімен тікелей келісім- шартқа тұрған Тұрмыс және МЕПО деп аталатын мекемелер бар.Бұлар 051-ден бөлек.Алайда 051-дің қызметіне бұл мекелер емес,еш жермен келісімге тұрмаған коопертивтер өз зардаптарын тигізетін көрінеді.


Гүлнұр ИМАНДОСОВА Константин МАКИЕНКО "Эра" телеарнасы



ОТБИВКА
--NO AUTOR--


ОТБИВКА



Подводка-Международка
Гульнур Имандосова


Нальчикте болған атыстан соң полицейлер қаланы қорғауға алды.Жергілікті телеарналар қала тұрғындарына үйлерінен шықпауға,ал ата-аналрды балаларын мектептен алып кетулерін айтып,хабар таратуда.Ал,Ресейде араққұмарлар үшін арнайы май жасап шығарылды.Бұл май үй ванналарындағы суға құйылып,жуыну үшін ойластырылған.Осы және өзге де халықаралық жаңалықтармен әріптесім Гүлнұр Имандосова таныстырады.



Международка
Гульнур Имандосова


((ЗА КАДРОМ))Russia Alcoholism 930
Ресейлік ішімдікті жақсы көрушілер үшін үй ваннасына арналған май ойлап шығарылды.Бұл маскүнемдерге арналған "Трояр" деп аталатын май ішімдік құнынан әлдеқайда төмен бағада сатылады.Май құтысының сыртында "Ішуге жарамсыз" деген жазу бар.Алайда,кәдімгі маскүнемдер бұл жазуға да қарамай,майды сумен араластырып-ақ сылқия тойып алуды әдетке айналдырған.
Ресей ішімдік ішушілер саны жағынан қашаннан бері алда келеді. Осының салдарынан ащы судың қызығына батқан елдегі ер азаматтар ерте қайтыс болады екен.Сарапшылардың айтуынша,елдегі ерлердің жас ұзақтығы бар-жоғы 60-қа әрең жетеді.Ал,Ресейде жылына миллионға жуық адам көз жұмады.
Ресейде араққа және оған құмарлармен күресуді алғаш рет бұрынғы президент Михаил Горбачев қолға алған еді.Алайда,елдегі оппозицияның күштілігінен елбасының бұл жоспары тапталып,іске аспай қалды.
////////////////////
((ЗА КАДРОМ))Нальчикте болған атыстан соң полицейлер қаланы қорғауға алды. Жергілікті телеарналар қала тұрғындарына үйлерінен шықпауға,ал ата-аналрды балаларын мектептен алып кетулерін айтып,хабар таратуда.
Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары бүгін құжат тексеру барысында бір тұрғынның оққа ұшқаны туралы ақпаратты хабарлады. Қаза болған адам құжатын көрсетудің орына полицейлерге қарсылық білдірген.
Ақпарат көздерінің мәліметі бойынша,ислам жасақшылары өткен бейсенбіде полицейлер мен үкімет ғимараттарына қарсы оқ атқан.Осының салдарынан 137 адам қаза тапты. Шешендердің веб-сайтында хабарланғандай,Нальчиктағы атысты әскери көсем Шәміл Басаев өз мойнына алған
///////////////////////////
((ЗА КАДРОМ))Халықаралық қаржы қорының басшысы Пәкістан көсемдерімен кездесті.Қаржы қоры бұл елге қиын сәтте көмек қолдарын ұсынатындықтарын мәлімдеді.Өткен аптада бұл елде болған зілзала салдарынан 54 мың адам қаза тапты.Көптеген белгілі және ірі ғимараттар қирап қалды.Халықаралық қаржы қорының жетекшісі Пәкістанның қайта қалпына келетінін айтты.Ол жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмектің дайын екенін жеткізді.
Ал,өз кезегінде Пәкістан басшысы қаржы қорының берген көмегіне өз алғысын білдірді.
//////////////////////////
Турцияға жақын маңайда,Эгей теңізі маңындағы құс фермасынан құс тұмауының ұшығы анықталды.Мұны Греция үкіметі тауып отыр.Греция үй құстары мен одан жасалған тағамды экспортқа шығаруға тыйым салды.Бұл туралы бүгін Люксембургте болған кездесуде Еуроодаққа мүше елдердің Сыртқа Істер минисрлері хабарлады. Қазір құс тұмауының Н5 түрі анықталды.Алайда,бұл адам өміріне қаншалықты қауіпті осы жағы да тексеріліп жатыр. Тексеру жұмыстары бір апта бойы өтеді.Егер мамандардың айтқан болжамы рас болса,онда бұл ЕуроОдақ шекарасында орын алған алғашқы оқиға ретінде тарихта қалмақ.Естеріңізге сала кетейік,құс тұмауынан Азияда 60 адам көз жұмды.

Гүлнұр ИМАНДОСОВА Мирас НАҚЫПБЕКОВ "Эра" телеарнасы



На рекламу
Аксауле Альжан


Мәдениет және спорт жаңалықтарымен жарнамалық үзілістен кейін танысасыздар.



ОТБИВКА
--NO AUTOR--


ОТБИВКА



ЖАРНАМА
--NO AUTOR--


ЖАРНАМА



ОТБИВКА
--NO AUTOR--


ОТБИВКА



Инвалиды ЗКТ
--NO AUTOR--


Еліміз егемендік алғаннан бері, әр азамат өз ойын тура айтуға құқылы. Соның бірі желтоқсан айында өтетін сайлауға// еркін дауыс беру. Мүгедек жастар қоғамының азаматтары Президенттікке //Нұрсұлтан Әбішұлының кандидатурасын қолдап отыр. Конференция барысында мүмкіндігі шектеулі азаматтар, Елбасы саясатының арқасында еліміз үшін еңбек етіп, халыққа пайдамыз тиюде,- дейді. Айта кетсек, Республикамызда 400 мыңға жуық мүгедек бар, олардың сегіз мыңға жуығы// Астана қаласында тұрады. Мұрат ӘбдыМОмынов жетекшілік етіп отырған мүгедектер қозғалысы, биылғы жылдың өзінде бірнеше іс- шаралар өткізген. Олардың ендігі жоспарлары// Астана қаласындағы мүмкіндігі шектеулі жастарға "білім беру және денсаулық" орталығын ашу.
****СНХ



СНХ инвалиды
Акмарал Толеубек



((СИНХРОН ХР 00:00:20
СИНХРОНИРУЕМЫЙ: СНХ-1
ТИТР: Иран ОМАРБЕКОВ мүгедектер спорт орталығының директоры
KOMMEHTAРИЙ: СНХ-1 рус
Благодаря политике нашего Президента снгодня люди с ограниченными возможностями не чувствуют себя ограниченными во всех делах, они так же активно работают. Сегодня вы не увидите что люди огр-ми возм-ми бедствовали или попрошайничали. Они помогают не только себе но и другим.

Президентіміздің саясатының арқасында, бүгінгі таңда мүмкіндігі шектеулі азаматтар өздерін ешқандай істен шектемей, барлық жерде белсенді жұмыс істейді. Қазір қайыр тілеп, сұраншақтанып жүрген мүгедектерді көрмейзідер. Олар тек өздеріне ғана емес, сондай ақ, өзгеге де көмектесуде. ))



Подводка-Атамекен
Акмарал Толеубек


Жетім көрсең жебей жүр демекші, қалалық білім департаменті балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тегін экскурсия ұйымдастырды. Бүгін, "Атамекен" этно-мәдени кешеніне 30 бала саяхат жасап, көптеген ақпараттар алды. Толығырақ Ақмарал Төлеубекқызының бейнематериалында.



Атамекен
Акмарал Толеубек


((ЗА КАДРОМ))
Мектептегі ұстаздарынан естіген қалалар мен тарихи жерлерді балалар бүгін осы картадан көрді. Екі топқа бөлінген оқушыларды экскурсия жүргізүшілер еліміздің тарихымен, көрнекті жерлерімен таныстырды. Тәрбиешілердің айтуынша, мұндай экскурсия сабағы өте пайдалы. Ол балаларға патриоттық тәрбие береді.

((СИНХРОН ХР 00:00:25
СИНХРОНИРУЕМЫЙ: СНХ- 1
ТИТР: Гүлнәр СҮГІРБАЕВА меншікті балалар үйінің директоры
KOMMEHTAРИЙ: СНХ-1 каз
Біз осында келгенімізге бірінші рет....
.... рахмет.))

((ЗА КАДРОМ))
Бір баланы қуантсаң, мың періште қуанады дегендей, балалардың бүгінгі қуаныштарында шек жоқ. Макеттерде қойылған әр облыс ғимараттарын көру, олар үшін нағыз саяхат болды. Енді, еліміздің тарихына тереңінен үңілетін боламыз,- дейді қонақтар.

((СИНХРОН ХР 00:00:20
ТИТР: Зұлқия ТІЛЕУОВА балалар үйінің тәрбиеленушісі
KOMMEHTAРИЙ: СНХ-2 каз
Біз бүгін....
....ағаларымыз бен апаларымызға рахмет айтамыз.))


((ЗА КАДРОМ))
Тәрбиешілер мемлекеттің қашанда жетім-жесірлерді ұмытпай, қолдап жүретініне ризашылықтарын білдірді. Жалпы жетім балалардың көңілін аулау үшін осындай шаралар ұдайы ұйымдастырылып тұрады. Бұл олардың өз халқына керек екендіктерін аңғартса керек.

Ақмарал ТӨЛЕУБЕКҚЫЗЫ, Константин МАКИЕНКО "ЭРА" телеарнасы.



Вернисаж-ЗКТ
Айгуль Тлеубай


Бүгін заманАУи өнер мұражайында мүмкіндігі шектеулі балалар әзірлеген// қол өнер туындыларының көрмесі ашылды. Оған// қаладағы барлық мектеп-интернат тәрбиеЛЕНушілерінің 200-ден астам еңбектері қойылған. Көрмені тамашалауға келгендерге //қалалық музыка мектебінің шәкірттері //арнайы концерт әзірледі. Мұражай ұжымы //жарымжан жандар үшін осындай көрмені биыл// бесінші жыл қатарынан ұйымдастырып келеді. Олардың еңбектерімен танысқысы келген астаналықтар ///жас бөбектер туындыларын //қарашаның 13-іне дейін ///мұражай залынан таба алады.



ОТБИВКА
--NO AUTOR--


ОТБИВКА



Праздник-Подводка
Айгуль Тлеубай


Астана //Республика күнін тойлауға қызу дайындық үстінде. Мереке күндері// елордалықтар әдеттегідей, түрлі ойын-сауық бағдарламаларын тамашалай алады. Алайда, ұйымдастырушылар// күн райынан қорқып отыр. Синоптиктердің болжамы бойынша, Қазанның 25-і күні қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Егер //олардың болжамы дөп келіп жатса, мерекелік бағдарламаны өзгертуге тура келеді.



Праздник
Айгуль Тлеубай


((ЗА КАДРОМ)): Астаналықтар Республика күнін тойлауды мерекелік шеруден бастайды. Қаламыздың төрт бұрышынан шыққан төрт сап Орталық алаңда кездеседі. Әр сап Астана және Республика жетістіктеріне үлес қосқан түрлі мамандық иелерінен құралған. Мәселен, бірінші, екінші сапта Отан қорғаушылар мен мұғалімдер болса, үшінші, төртінші саптарда өнер адамдары мен құрылысшылар. Төрт саптан тұратын шерушілер таңертең тоғыз жарымда шығып, межеленген жерге түске жақын жетуі тиіс. Осы жерде алаңға жиналғандардың барлығын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев құттықтайды. Алайда, бұл жоспар ара-райын байланысты өзгеруі мүмкін.

((СИНХРОН ХР 00:00:30
ТИТР: Жанат ӘБДІРАХМАНОВ- Астана қалалық ІІД жол полиция басқармасы бастығының орынбасары
KOMMEHTAРИЙ: СНХ каз
Халық жиналатын жерлер... маршруттар))

((ЗА КАДРОМ)): Шеруге қатысушылар көше бойымен өтісімен, жолдар ашылады. Ал, орталық алаңға жиналғандар қазақстандық өнер жұлдыздарының концертін тамашалайды. Бұл жолы ұйымдастырушылар отандық әншілермен шектеліпті. Астаналықтар Ермек Серкебаев, Бекболат Тілеухан сынды өнер қайраткерлерінің әнін тыңдайды. Ал, жастарға би кеші ұйымдастырылады. Би кешінің соңы мерекелік фейерверкке ұласады. Ауа-райы оқыс мінез көрсетпесе, астаналықтар мерекені осылай тойлауды жоспарлап отыр.
Айгүл ТІЛЕУБАЙ, Константин МАКИЕНКО «Эра телеарнасы»



ЗКТ-Вечерка
Гульнур Имандосова


Ел орданың ///"Вечерняя Астана" //РесПубликалық қоғамдық-саяси газетінің жарыққа шыққанына //биыл 15 жыл. Бұл// бір мерзімді басылым үшін аз уақыт емес. Ақмоланың //"Астана" болып қалыптасу кезеңін /басынан өткерген //редакция ұжымының //айтары көп. Бүгінде басылым //елорда тұрғындарының тыныс-тіршілігін ғана сөз етіп қоймай, ///әлемдегі жаңалықтар мен //ресПубликалық маңызы бар оқиғаларға байланысты //қалам тербеп келеді.



ЗКТ-Выставка К-х
Айнур Кузербаева


"ЭкспоНедвижимость-2005" екінші қазақстандық көрмесі //ел ордалықтарға есігін айқара ашты. Конгресс-холлда өтіп жатқан бұл мәдени шара// 2 күнге созылады. Мұнда қазақстандық және шет елдік құрылыс компаниялары мен// жылжымайтын мүлік операцияларын жүргізетін ұйымдар қатысуда. Көрме аясында, дөңгелек үстелдер мен, құрылыс тақырыбына арналған семинарлар өткізіледі деп жоспарланған.



Концерт-ЗКТ+ШУМ
Айгуль Тлеубай


Қала әкімінің үрмелі аспаптар оркестрі ///кезекті бесінші маусымын ашты. Өнер ұжымы 2001 жылдың көктем айында ///мемлекеттік филормония қарамағында құрылған. Алғашқы концертін сол жылдың желтоқсан айында //Күләш Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрының сахнасында беріп, көрермендер ықыласына бөленді. Содан бері оркестр түрлі байқауларға қатысып, шеберлігін шыңдап келеді. Бүгінде оркестрдің көркемдік жетекшісі //әрі бас дирижері Әкім Мұқатжанов бастаған өнер ұжымында// 50 музыкант бар. Олар халық әуендерінен бастап әлемдік классикаға дейінгі түрлі музыкалық туындыларды орындайды. + ШУМ



Хоккей-ЗКТ
Айгуль Тлеубай


Спорт жаңалығы. Шайбалы хоккейден //Ресей ашық біріншілігі шеңберінде //астаналық "Барыс" өз алаңында көш басшысы //Новоуралдық "Кедр" командасын қабылдады. 7:3 есебі жерлестеріміз пайдасына шешілді. Бірінші матчта// астаналықтар шеберлік танытып, ресейліктерден басым түсті. Шайба авторлары Алексей Обухов, Алексей Лопатин және Владимир Матюхин. Қонақтар жағынан қақпамызға екі бірдей гол соққан// Алексей Малышев болды. Әзірге// ол турнирдің мықты шабуылшысы атағын бермей келеді. Осылайша, астаналық хоккейшілер турнир кестесі бойынша, жетінші орыннан бесіншіге көтерілді. Енді олар қазанның 20-21 күндері// біріншілік аясында сыртта тағы екі кездесу өткізеді. Бұл жолы астаналықтарға қарсы "Молот-Прикамье-2" деп аталатын Пермь командасы ойнайды.




Ақсәуле-Қоштасу
Аксауле Альжан


Бүгінге келіп түскен жаңалықтар легі осымен тәмам. Тек жақсы жаңалықтармен жүздесейік.



Шапка
--NO AUTOR--


Нет текста



©2005-2014 Internews  |  info:atarakanov@gmail.com  |  О проекте